Алматыдағы лай көшкіні: Опат болған төрт адамның денелері табылды

/image/2024/02/08/crop--1_7_953x1271_lay1.jpg

Алматы қаласы Медеу ауданында бүгінгі түнде лай көшкіні жүріп, екі үйді басып қалғаны белгілі. Бір үй бүтіндей, тағы бір үй жартылай бүлінген. Құтқарушылар оқиға орнынан бір отбасы мүшелері - 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты.

ТЖМ психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

«Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түсті. Құтқарушылар жұмысты, негізінен, қолмен жүргізуде», делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар