Tez.kz туроператоры жұмысын тоқтатып, 300-ден аса отандасымыз шетелде қалып кеткен

/image/2024/02/08/crop-55_2_346x461_aua.jpeg

Айта кетсек, 2024 жылғы 24 қаңтарда TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтата тұратынын хабарлаған еді. Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған. Осыған байланысты ҚР Туризм және спорт министрлігінің үйлестіруімен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастырды.

«Қазіргі уақытта барлық турист Қазақстанға оралды. Министрлік пен Қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ. Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды», делінген ҚР ТСМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар