Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз жұмаға келеді.
Осыған байланысты Қазақстанда жұмыс істейтін адамдар мына күндері қосымша демалады:
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үш күн қатарынан демалады: 8, 9 және 10 наурызда (жұма, сенбі, жексенбі);
- алты күндік жұмыс аптасындағылар екі күн демалады: 8 және 10 наурыз (жұма, жексенбі).
Ал Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.
- бес күндік жұмыс аптасындағылар бес күн қатарынан демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Бұл арада демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылады.
- алты күндік жұмыс аптасындағылар төрт күн қатарынан демалады: 21, 22, 23 және 24 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
Барлығын қоса есептегенде, наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында 14 демалыс және 17 жұмыс күні, алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.
Пікір қалдыру