Орташа жалақы 600 мыңға жуықтайды

/image/2024/02/09/crop-42_-2_287x615_ea70ececce42fa0ee0f920b10d817119.jpeg

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңге болған.

"2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 16,2 пайызға, нақты мәнде – 5,3 пайызға өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңге болды. 4-тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты", - делінген хабарламада.

 22 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7 пайыз, ақпарат және байланыс – 23,2 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8 пайыз, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2 пайыз.

"Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,5 пайыз. Ең төменгі өсімі Атырау облысында байқалды – 6,4 пайыз.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе болды", - делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар