Қазақстанда төлемнің жаңа түрі - арнаулы кәсіптік жәрдемақы беріле бастады

/image/2024/02/09/crop--4_4_454x605_tenhge.jpg

Қаңтар айында ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 1200-ден астам өтінішті қабылдаған. Қазірдің өзінде республикалық бюджеттен үміткерлерге 160 миллион теңгеден астам қаражат төленді.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыскерлерге арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі күнкөріс деңгейін құрайды. Ол 55 жастан асқан адамдарға тағайындалады және зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.

Жәрдемақы алу үшін БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болуы керек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар