Олардың бірі - Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы, екіншісі - «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев.
Тараз қаласының прокуратурасының мәліметінше, олар қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Аталған фактіге сәйкес, Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Тараз қалалық №2 сотының үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру