Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды

/image/2024/02/14/crop-137_38_493x657_045145878300.jpg

Бұл бағыт әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Тіпті, халықаралық арқан тартыс федерациясы да бар. Оны Халықаралық Олимпиада комитеті таныған. Жаңадан құрылған ұйым алғашқы ресми жарысын да өткізіп үлгерді. Астанадағы орталық аймақтық іріктеуге 8 команда қатысты. Олар ерлер арасында бөлек, әйелдер арасында бөлек бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды 24kz.

Жарыс ережесі бойынша 1 командада 8 негізгі спортшы және 2 алмастырушы спортшы болады. Ерлер арасында олардың жалпы салмағы 720 келіден аспауы керек. Ал әйелдерде 560 келіден аспауы қажет.

Тартысты өткен бәсекелер нәтижесінде ерлер санаты бойынша Ұлытаудан келген жігіттер қарсылас шыдатпай, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында «Астана Барыс» командасы топ жарды.  

І-орын алған командалар 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жаңадан құрылған Республикалық федерацияның президенті лауазымына Еркебұлан Ілиясов тағайындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар