Саясат Нұрбек: Университетте 4 жыл оқу қазіргі заман үшін тым ұзақ

/image/2024/02/14/crop-35_0_427x569_zk1cjsofsc.jpg

- Білім саласын зерттейтін HolonIQ дейтін аустралиялық халықаралық агенттік бар. Соның 2024 жылға арналған есебі шықты. Ол есепте биыл трендте болатын екі негізгі құбылыс аталған. Оның біріншісі – жоғары білім саласында жаңа дағдылар мен жаңа біліктіліктердің пайда болуы. Яғни, біздің қатып қалған 4 жылдық, 3 жылдық, 5-6 жылдық оқыту циклдарымыз – ұзақ. Еңбек нарығы оларды күте алмайды. Еңбек нарығына қысқа уақытта неғұрлым көп адамды жаңа дағдыларға үйрететін құралдар қажет. Бұған дейін біліктілік арттыру трендте болса, енді кез келген қызметкердің негізгі білім базасын қысқа мерзімде заман талабына сай дағдылармен ауыстыру трендте болады. Яғни, дайын маманды 2-3 айлық курс арқылы жаңа технологияларға үйрету өзекті болмақ», - деді Саясат Нұрбек.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар