Қайрат Келімбетов: Ел экономикасына ресейлік рубльдің құнсыздануы әсер етеді

/uploads/thumbnail/20170708151202738_small.jpg

Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Ресей рублінің құнсыздануын болжап отыр. Бұл туралы ол Женевадағы Graduate институтында академиктер мен дипломаттардың алдында мәлімдеді, деп хабарлады Forbes.kz Reuters-ке сілтеме жасап. Ұлттық банк басшысының пікірінше, дамушы елдер активтерінің жаппай сатылымы, салдарынан сол елдердің ұлттық валюта құнының төмендеуі бұл әлі басы ғана. Келімбетов ағымдағы жылы «девальвацияны көп көреміз», ал Ресей экономикасының бүгінгі проблемасы дамушы елдерге де ортақ дейді. Сондай-ақ ол Қазақстанда теңге бағамын реттеу мүмкіндіктері бар, қажет болғанда іске кірісуге дайын екенін жеткізді. Қазақстан экономикасына әсерін тигізетін негізгі факторлар - мұнай бағасының төмендеуі мен ресейлік рубльдің құнсыздануы. Бүгін, 6 ақпанда, Келімбетов Базельде шетел орталық банктерінің басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр, деп жазады Reuters.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар