Баянауыл ұлттық табиғи паркi қызметкерiнiң мәйiтi табылды

/uploads/thumbnail/20170708151203669_small.jpg

Қаңтар айында із-түссiз кеткен Баянауыл ұлттық табиғи бағының қызметкерi Қуандық Әбукеновтiң  мәйiтi 5 қаңтарда, күндiз Жаңатiлек ауылынан 18 шақырым тұста табылды, деп хабарлайды Павлодар облысы Баянауыл аудандық IIД.  Парктiң ғылым, туризм және ағарту бөлiмiнiң бастығы Қ.Әбукенов. 20 қаңтар күнi Мұрынтал учаскесiнде жоспарлы жұмыстар атқарып жүрген болатын. Жаңатiлекте қонуға қалған. Үйден түнгi 03:00-де шығып кеткен. Осыдан кейiн оны ешкiм көрмеген.  Iздестiру шараларына ТЖМ-нiң "Қазәуеқұтқару" мекемесiнiң Ми-171 тiкұшағы, 32 адам, 8 техника тартылды, сондай-ақ туған-туыстары мен Баянауыл тұрғындары қатысты. Оның киiмiнен жеке құжаттары табылды. Парк қызметкерлерi мәйiттiң тұлғасын анықтады. Оның өлiмiне не себеп болғанын сот-медициналық сараптамасы көрсетедi.

"ҚазАқпарат"

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар