Қазақстан жылына 100 мың автокөлік шығара ала ма?

/uploads/thumbnail/20170708151203908_small.jpg
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша,  2016 жылы Қазақстан жылына 100 мың автомобиль шығарады. Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов осылай деді.

«2016 жылы шамамен 100 мың автомобиль шығаратын боламыз. Бұған дейін Қазақстан мұндай көлемде өнім шығарған емес. Бұл өнімнің 50 пайызы экспортқа шығарылуы тиіс», - деді ол. Айта кетейік, алқа мәжілісінде Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев биыл автомобиль өндірісінде 60 мың көлік шығару жоспарланғанын атап өткен еді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы отандық нарыққа Тойото компаниясы жобасы бойынша алғашқы жол талғамайтын көлік шығарылатын болады.

    Министрліктің ақпаратына қарағанда, өткен жылы елімізде 38 мыңға жуық жеңіл көлік пен 922 автобус шығарылды. Өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асты.

"Қамшы"  сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар