Сәтбаев қаласының әкімі қамауға алынды

/image/2024/02/14/crop-4_13_1279x1706_093401366700.jpg

Кейбір БАҚ әкім-қарардың 10 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталғанын жазады. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шапағат Әубәкірдің тек ұсталғанын ғана растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте істеп келеді. Сәтбаевтың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің" басшысы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Ал қала әкімі болып 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар