«Қыз, қыз емес». Министр ЖОО-лардың біріндегі ыңғайсыз жағдайға қатысты түсінік берді

/image/2024/02/14/crop-15_21_293x391_vats.jpg

Мәжіліс дәлізінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен журналистер қауымы  Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттеріне қатысты WhatsApp-та тараған ақпаратқа қатысты пікірін сұрады.

"Бұл, жеке деректерге деген немқұрайлы қатынас. Біз аталған мәселені өз бақылауымызға алдық, өйткені бұл арада тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланатын болады. Бізде жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы сөз болып отыр», деп Саясат Нұрбек сөзін бір қайырды.

Сондай-ақ министр жеке тұлғалар мәліметтері қауіпсізідігі мәселесін реттеуді қатаңдату қажет деген пікірде.

"Жалпы, бұл әдеп, мәдениет мәселесі. Қанша жеке куәлікті жіберіп жатамыз... ЖОО-да осындай фактілер болғаны, өкінішті. Өте құпия ақпарат болып табылатын жеке бас және жеке мәліметтер туралы заңнама қатаң болмайынша, мәдениет те өзгермейді", дейді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар