Түрмеде жатқан Ресей саясаткері Навальный көз жұмды

/image/2024/02/16/crop-133_89_327x582_151711b0-ccbe-11ee-972c-d9fa3950f316.jpg
 
 

Ресейдегі Жазаны өтеу бойынша федералдық қызмет 19 жылға сотталған ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қайтыс болғанын хабарлады, деп жазды ВВС-дің орыс қызметі.

"16.02.2024 жылы № 3 түзету мекемесінде сотталушы Навальный өзін жайсыз сезініп, бірден есінен танып қалды" делінген федералдық қызмет хабарламасында.

Хабарламада бірден жеткен медицина мамандары ештеңе істей алмағаны, өлім себебі анықталып жатқаны айтылады.

 

Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш саясаткердің өлгенін растаған жоқ, тек анықтап жатқанын жеткізді.

SOTA телеграм-арнасы Навальный 15 ақпанда Харп кентінде өткен отырысқа қатысты делінген видео жариялады. Ол жерде саясаткер күліп, әзілдесіп тұр.

Путиннің оппоненті, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный былтыр экстремистік іс бойынша 19 жылға сотталып, жазасын Владимир облысында қатаң режимдегі колонияда өтеп жатқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар