Қазақ тілі қазаққа өлгенде ғана керек

/image/2024/02/27/crop-103_2_444x592_091044022400.jpg

Қостілді, бірақ құжаты орысша жүретін Қазақстан болған соң, солай енді...

Орыс тілінің бүкіл заңдылығын бұлжытпай сақтайтын, сақылдап қалған қатқан қоғам қалыптасқан Қазақстанда.

Қазақстанның орыстілді қоғамы қазақтың әрбір атауын, тіпті адам есіміне дейін орысшаға салып жазады.

Рас, Кулибаев деген бір адам, Құлыбаев деген басқа біреу екен деп ойлап қалуға болады. Бір адамды қашанғы екеу қылып жүрер екенбіз?

ашық дереккөзден

Шөкейден тараған бозбала Өмірзақ 80-ші жылдары Мәскеуге оқуға Умирзак Шукеев болып түскен шығар. Ертең 60-қа толайын деп отыр. "Умирзак Шукеевті 60-қа толуымен Ашимбаев" құттықтады деп орысша хабар тарайды ертең.

Әйелін өлтірген Бишимбаевты судья Кульбаева соттайды ертең. Ал, ұғып көр, Көлбаева ма, Құлбаева ма екен ол?

Қазақтың аты мен тегін әлі күнге бір ізге түсірмеген ел боп отырмыз. Қазақтың әріптерін, атасынан қалған есім-сойын мойындамайтын мемлекет боп тұрмыз.

Есесіне, тірісінде "менің аты-жөнім баспасөзде қазақша жазылсын" деп талап етпеген кез-келген шенеуніктің өлгеннен кейін зиратын қарасақ, онда аты-жөні таза қазақша, руы-тегіне дейін түгенделіп тұрып жазылады. Тірісінде керек қылмаған қазақ әріптерін өлген соң зиратына түгін қалдырмай тізіп қояды.

Өмірін жалған есіммен өткізетін қайран қазақ. Қазақтан шыққан шенділер мәжіліс спикері болған Нұрлан Нығматуллин құрлы жоқ. Ол ұлты басқа екенін білдірмеу үшін тегіндегі екі "л" әріпінің біреуін алып тастауды өтінетін баспасөз қызметінен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар