Сауд Арабиясында Эр-Рияд қаласының тұрғыны 58 жасар үй қызметшісінің қолын шауып тастаған. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық порталы хабарлайды.
Зардап шеккен үй қызметшісі Кастури Муниратхинам Үндістан азаматы екен. Ол қатыгез қожайынының үйінде бар-жоғы үш ай ғана жұмыс істеген. Қожайыны оған өте қатал қарап, тіпті, телефонмен сөйлесуге, тамақ ішуге шектеу қойған. Қатыгездікке шыдамаған қызметші қашпаққа әрекеттенгенде ұсталып, қолынан айырылып отыр.
Үндістан Сыртқы істер министрлігі аталған оқиға бойынша Сауд Арабиясының билігіне шағым жасады.