Батыс Польшадағы бір шағын ғана ауыл ғалымдардың назарына ілікті. Автожол салар алдындағы жоспарлы қазба жұмыстары кезінде көне қорым табылыпты. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды
Қорым жақсы сақталған. Жерлеу ғұрпы қола дәуіріндегі рәсімге сәйкес келеді.
Кей молалар бай адамдардікі болған. Оларда қабірдің ішінде асыл заттар бар,безендірілген ыдыстар қойылған. Кей бейіттерде балалардың ойыншықтары болды. Сонымен қатар қару табылды.
Қазба жұмыстары күздің соңына дейін жалғасады. Археологтардан басқа оған ботаниктер, зоологтар мен антропологтар қатысады. Қазба жұмыстарының арқасында зерттеушілер б.з.д XII ғасырдан б.з.д IV ғасырға дейін болған Лужицкий мәдениеті жайында толығырақ ақпарат алуға үміттенеді.