Камчаткада тұрғын үйдің ас бөлмесіне қонжық кіріп кетіпті. Жануар аш болса керек, асүйге барып үстел үстінде тұрған тамақты бас салған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қонжықты үй иелері байқап қалған. Адамдар жақындай бергенде аюдың баласы терезеге ұмтылған.Алайда тамаққа тойып алғаны соншалық, терезеден шыға алмай әлек боладыі. Бала аюдың бұл әрекетін үй иелері ұялы телефондарына түсіріп алған. Аздаған арпалыстан кейін аю терезенден аман-есен тысқа шығып кетеді.