Қызды азаптап өлтірген күдікті 22 жылға сотталды

/image/2024/03/07/crop-1_23_489x870_2022_10_15_crop-9_11_543x871_6a5b37541a2b134ce3dfaa2f7220e7ef-xl.jpg

Сегіз айға созылған тергеуден соң Ақтау тұрғыны 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Алайда кінәлі өз айыбын мойындамай, марқұм суицид жасады деп отыр.Қылмыстық іс бойынша марқұм Валерияның анасы Светлана Шальнованың өліміне қатысты әділ үкім шығарылғанын айтты. Ол істі тергеуге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді. 

– Сот оған қылмысы бойынша лайықты жаза кесті. Енді ол қатаң режимдегі колонияда 22 жыл жазасын өтейді. Осы жағдай біздің қайғымызға аз болса демеу болды, – деді марқұмның анасы.

22 жылға сотталған айыпталушы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімінің 3, 10-тармақшалары және 120-баптың 1 бөлімі бойынша жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, қылмыстық істі тергеу кезінде кедергі келтіруге тырысқан құқық қорғау қызметкерлері тергелетін болады. 

Валерия Шальнованың мәйіті былтыр шілде айының басында Ақтау іргесіндегі каналдан табылған болатын. Іздестіру кезінде оқиғаға кінәлі күдікті бір күннен кейін табылып, ол қыздың бұрынғы жігіті екені анықталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар