Ресейлік басылымға жарияланған ақпаратқа қарағанда, Ресей білім министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған.
Кездесу барысында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде "Кәсібилік" федералды жобасын жүзеге асырудағы ресейлік тәжірибені зерделеу мәселелері де қарастырылған. Ресей тарапы Қазақстан мектептеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен орыс тілінде білім беретін пән мұғалімдерін жіберуді ұсынған.
"Талқыланған тақырыптардың ішінде гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелерін қамтыды. Ресей үкіметінің басшысы екі мемлекетті тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар байланыстыратынын атап өтті. Михаил Мишустин қазақстандық тарапқа орыс тіліне ұқыпты көзқарасы үшін алғысын білдірді", – деп жазады басылым.
Пікір қалдыру