Алматы облысы Талғар ауданының полиция қызметкерлері Алматыда "саяси тұтқындарды" қолдап, баспасөз мәслихатын өткізбек болған саясаткер, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайды ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Басылым мәліметінше, полиция бөліміне апарылған белсендінің қан қысымы көтеріліп, қазіргі уақытта Талғар ауданы ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
Азаттық радиосы белсендінің келіншегі, құқыққорғаушы Маржан Аспандиярованың "ұстау кезінде полиция күш қолданды" деген сөзін келтірді. Оның айтуынша, полиция өздерін таныстырмай, құжаттарын алыстан ғана көрсетіп, не үшін алып кетуге келгенін түсіндірмей, сүйрелеп, дөрекі күш қолданған. Осыдан кейін Рысбек Сәрсенбайдың қан қысымы көтеріліп кеткен.
Пікір қалдыру