– Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бұл челлендж былтыр алғаш рет өтті. Домбыраның күмбірлеген үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнады. Бұл еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға. Шаралар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізіледі, – дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Министрлік сонымен қатар биыл Наурыз мейрамы барлық жалпы білім беретін мектептерінде 14-23 наурыз аралығында өтетінін жеткізді. Осы күндері тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акция және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылмақ.
Пікір қалдыру