Ресей Федерациясынан көмек сұраған Сирия басшысы бүгінде Ресей тарапынан зор қолдау тапты. Орыс авиациясы Сирия аумағындағы лаңкестер орныққан мекендер мен оппазияция нысандарына соққы жасаса, Асад әскеріне жердегі операциялар үшін әскери техникамен де қолдау көрсетуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Өткен аптада, Сирияға Ресейден «Солнцепек» (ТОС-1) ауыр отты жүйесі жеткізілгені туралы хабарланған болатын. Көп ұзамай ғаламторда аталған қарудан бірнеше елді-мекендердің атқыланғаны түсірілген видеолар пайда болды. Онда атақты қарудан атылған снарядтардың түскен жерін өртеп жатқаны анық көрінеді. Әлеуметтік желілер мен Ресей ақпарат құралдарында»Солнцепекпен» Дамаск іргесіндегі Джобар, Хараст қалалары атқыланғаны айтылады.
«Солнцепек» ТОС-1А жүйесі қарсыластың адам күштерін және жеңіл техникасын жоюға арналған. БМ-1 жауынгерлік машинасына 24 бағыттағы басқарылмайтын реактивті снарядтармен жабдықталған. Бұл жүйе қолданылатын снарядтардың ерекшелігіне қарай 3,6 шақырымнан 6 шақырымға дейінгі қашықтықты атқылауға мүмкіндік береді. Түскен жерінде 1-2 шаршы шақырым аумақты өртеп жібереді.