Түркімен неге өкпелі?

/uploads/thumbnail/20170708200734201_small.jpg

Түркіменстан мемлекетінің СІМ Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың мәлімдемесіне қатысты ресми түрде қарсылық білдіріп, түсінік беруін талап етіп отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы 365.инфоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

            Нақтылай кететін болсақ,    Түркіменстан СІМ хабарламасында 2015 жылдың 15 қазанында Астана қаласында өткен Ресей мен Қазақстан Республикасының президенттері брифингісінде қазақстандық тараптан Орталық Азияның қауіпсіздігі хақында сөз қозғалды. Брифинг барысында Түркменстан шекарасының бойында болған оқиғалар туралы да айтылды.

            Осыған қатысты Түркіменстан жағы өзінің наразылығын білдіріп отыр. Олар мұндай оқиғаның болмағандығын мәлімдеді. Сонымен қатар, біздің бауырлас ел тарапынан Қазақстан елінің бұдан былай Түркіменстан еліне қатысты мәлімдеме жасағанда тиянақты тексерілген мәлімдемелерге сүйенуін сұрады.

            Естеріңізге сала кетейік, аталған мәлімдеме Қазақстан тарапынан  ағымдағы жылдың  қазанында Ресей федерациясының президенті В.В. Путинмен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының бірлескен брифингісінде айтылған болатын.

            Өз кезегінде Қазақстанның  СІМ түркіменстандық әріптестеріне да жауап қайтарды. Берілген жауап мәтінінде Қазақстан Орталық Азияның қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеген. Сонымен қатар, Қазақстан екі ел арасындағы татулықты сақтауға мүдделі екенін жеткізді.

 

«Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар