Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде бұрынғыша жауын-шашын болуы, желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ болуы сақталады, республиканың оңтүстігінде ғана күн райы ашық болады,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді делінген.
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндегі желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
«Қамшы» сілтейді