Жезөкше еркектер: «Бай ағалар іздейміз»

/uploads/thumbnail/20170708200735724_small.jpg

Бизнестің ең табысты көзі қашаннан бері адам саудасы. Әуелде құл сатты адамзат, кейін жезөкшелікке көшті. Арын ақшамен өлшеген арулардың бар екендігі қазір ешкімге де жаңалық емес. Алайда еркек жезөкше болды дегенді естіп пе едіңіз? Иә, альфонстар туралы білеміз. Ол да бір жезөкшеліктің түрі дедік. Бірақ мына жаңалық төбеден жай түсіргендей болды.

            Қазір елімізде еркектердің жезөкшелігі өршіп кеткен. Сонымен қатар, олар өздерінің ісін ашық жариялап отыр. Бұл азаматтардың алдында альфонстар күнадан таза ма деп ойлап қалдық. Кейінгі кездері осындай жезөкшелер «бай ағашкаларды» іздейміз деп жар салуда.

            Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр.кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды. Еркек жезөкшелер еркетердің шақыртуына да баратынын жасырмайды. Өздерінің бағасын, атын, жасын, салмағын жазып қояды. Шамамен орташа құны 20 мың теңге.

            Аталған мәселені көтеріп отырып мына бір оқиға есімізге түсіп отыр. Неміс дәрігері Менгеле Иозев 1941 жылы Гитлерге хат жазады. ««Менің Фюрерім. Мына нәрсені айтқым келеді: Орыстармен соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Бәлкім, жеңіс.... Себебі – тұтқынға түскен орыс қыздарының 98%-ы бейкүнә...»,- делінген мұнда. Ал, енді бағамдай беріңіз, ұрғашы түгіл еркегі жезөкше елден не қадір? Өз тәнін сатып отырған еркетердің тең жартысы қазақтар екен.  Бұл мәселеге көз жұма беретін болсақ, ұлттық  қуатымыздан  не қалмақ?

 

Қатысты Мақалалар