Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан футбол федерациясының президенті болғысы келетінін анық байқатты.
Бұл туралы «Қамшы» порталы «zakon.kz»-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Айсұлтан Назарбаев бұл туралы өзінің қатысуымен өткен алғашқы пресс-конференцияда мәлімдеме жасады.
Айсұлтан Назарбаев өз сөзінде ҚФФ-нің қазіргі президентінің жұмысын сынға алды. Оның мәлімдеуінше қазақ футболының дамуына қазір барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Алайда нәтиже жоқтың қасы. Сонымен қатар, ел президентінің немересі ҚФФ-нің қазіргі басшысы Қожағаппановтың еңбегінің еш кетпегенін де мәлімдеді.
Ендігі кезек Айсұлтан өзі ҚФФ-нің президенттігіне келесі сайлауды күтіп отыр.
«Егер мен ҚФФ-нің президенті болсам, бар мүмкіндігімді қазақ футболының дамуына жұмсаймын. Менің құрған жоспарларымнан таң қалмай қоймайды»,- деді Айсұлтан Назарбаев өз сөзінде.