Алматыдан 126 шақырым жерде Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,2 балды құрайтын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жер дүмпулері 19 қазан күні 10 сағат 21 минутта тіркелген. Сілкініс кіндігі Ыстықкөлдің оңтүстік-батыс жағалауына жақын орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Бұдан бұрын, 16 қазан күні 3,5 балдық жер сілкінісі Алматыдан 376 шақырым жерде Қытай аумағында тіркелген болатын.