Осы жылдың наурыз айында Түркістан облысында орналасқан мешіттерден ұрлық жасалды. Ұры аудан тұрғындарының қайырымдылыққа жинаған ақшасын ұрлап кетті. Қылмыскерді іздеуге Түркістан облысы ПД ЖКБ аға криминалисі Шыңғыс Сарсеков қосылды.
Бейнеталдау жүйесін қолдана отырып, ол күдіктінің жеке басын анықтай алды. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол ұсталды және кінәсін мойындады, - делінген ақпаратта.
Пікір қалдыру