Геннадий Головкиннің жеңісін ел болып тойлап жатырмыз. Қуанышымызбен БАҚ арқылы, әлеуметтік желілер арқылы бөлісіп те үлгердік. Ендігі әңгіме «Жаным-Боклажаным» деген лақап атпен белгілі қазақстандық арудың жанкешті жанкүйерлігі ерекше назарға ілініп отыр. АҚШ-тың қақ ортасында Алаштың туын желбіреткен аруымыздың жеңіске деген қуанышы ерекше болған сияқты. Біз оның бейнесәлемдемелерін назрларыңызға ұсынып отырмыз.