Полицейлер су тасқыны кезінде өз міндетін атқарып жүрген ТЖБ қызметкерін пышақтап кеткен Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады.
"Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны ауыл тұрғыны пышақтап кеткенін хабарлаған едік.
Пікір қалдыру