"Мен сенің ойыншығың емеспін": Нүкенова Бишімбаевқа қандай хабарламалар жолдаған?!

/image/2024/04/04/crop-0_40_509x905_full_17101584813ed0c3799583a1c38b25e0214d46c3cd_webp-905x613.webp

Экс-миниср Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың хабарламалары қаралды. Прокурор марқұмның жеке жазбаларын да оқып шықты. 

2023 жылдың 11 қазанында жолданған хабарлама: 

• "Мен бәрі реттеледі деп сеніп, күтіп жүргенде, біздің жағдай бәріне белгілі болды. Шілдеде барлығы тынышталып, қабағың ашыла бастап еді. Қалуыңды өтінгенімде де сенбедің. Сен анаңның сөзін тыңдадың, себебі ол сен үшін уайымдайды. Мен анаңа сені сүймейтінімді, аяйтынымды айтқан жоқпын... Бірақ ол біздің ажырасқанымызды қалады. Сен оларды қорқытып жатырсың. Балалар да бәрін көрді.  Күйзеліп жүрдім... Бір күні адам сияқты ұйықтайын деп едім... Біз некеде емеспіз, өзімді қорғай алмаймын, бәріне жаман көріндім. Кешірім сұрасам да, менен құтылғың келді, ол да нәтиже бермеді. Енді мен сенен құтылғым келеді..."

Нүкенованың жеке жазбалары: 

• "Қуандық, мен Павлодарға кетіп барам. Қайтып келмеймін. Арамызда ешқандай сезім жоқ екеніне көзім жетті. Сен көзіме шөп салғаның үшін кешірім сұраған да жоқсың. Бәріне мені кінәлап, "психотерапевтке қарал" деп қоймадың. Ештеңе көрмейтін соқырлығыңды көтере алар емеспін. Мені кешір, бәрін ұмыт та, босат. Бір шешімге келдім. Енді ата-анаммен болам, олар маған қарайды".

• "Сәлем, жаным, осының бәріне жүрегім ауырады. Сенің осыған дейін істегендеріңді бағалаймын, бірақ мен мұндай қарым-қатынастан шаршадым. Бұндай өмір-өмір емес. Менің сенің ойыншығың да, балаң да емеспін. Ауру адам емеспін, сондықтан маған 24/7 не істеу керегін үйретпей-ақ қой. Менің өз ісім бар. Махаббат пен отбасыны сақтап қалу үшін өзара сыйластық қажет. Біз бір-бірімізге медет болуымыз керек қой, жау емеспіз, жынды адамша жауласпайық. Қарым-қатынасымызды талқылай беруден шаршадым. Саған "ұрыс-керісті көңіліме жақын қабылдаймын" деп айтқан едім. Соның кесірінінен жүйкем сыр берді. Енді өз-өзіммен жұмыс істеп, сен үшін өзгеруге тырысамын, саған ұнау үшін бәрін істеймін". 

Сонымен қатар, прокурор Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға түн ортасында қоңырау шалуды әдетке айналдырғанын да тілге тиек етті. 

"Түнгі сағат 2:32, 2:38, 3:14, 3:19, 3:20, 3:32, 3:37, 3:39 шамасында Бишімбаев қоңырау соққан. Жауап бермеген сәтте "Салта, тұтқаны көтер" деп жазған, бірнеше аудиохабарлама жіберген", – деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар