Астана маңындағы ауылды су басты

/image/2024/04/05/crop-90_42_576x1024_660f79600b1e0231527817.jpg

Елорда маңындағы Талапкер ауылын су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, кеше түнде Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктеріндегі қар суы еріп,  Талапкер ауылындағы су бұру каналы учаскесін су шайып кеткен. 

"Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтап, құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз" -  делінген ресми хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар