АЭК алған 58 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шықты.
2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 58 мың 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шығып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылы жалпы көлемі 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 27 мың отбасы (23,7%), Шымкент қаласында – 12,7 мың отбасы (11,2%), Алматы облысында – 9,5 мың отбасы (8,3%), Қызылорда облысында – 9,4 мың отбасы (8,2%) тіркелді.
АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау – 538 отбасы (0,5%), Атырау – 1,1 мың отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,6 мың отбасы (1,4%) байқалып отыр.
- АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесіне келеді – 65,4% немесе 391,2 мың адам;
- жұмыс істейтін азаматтар – 15,1% немесе 90,6 мың адам;
- балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,4% немесе 74,2 мың адам;
- қалған 7,1%-ы азаматтардың басқа санаттарына жатады.
Пікір қалдыру