Балалар – елімнің бағы

/uploads/thumbnail/20170708200750933_small.jpg

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі әңгіме еліміздегі балалар құқығы мәселесіне арналды.
Өткен қыркүйекте Же­нева қаласында БҰҰ-ның Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің кезекті басқосуы өтіп, онда еліміздегі осы мәсе­ле­ге қатысты баяндама тың­далған.
Брифингте осы баяндаманың негізгі тақырыбының бірі жет­кін­шектерге білім беру ісіне арналғанын айтып өткен Білім және ғылым вице-министрі Есен­ғазы Иманғалиев: «Қазақ­станның саясатына сәйкес, елімізде барлық бала тегін білім­мен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде бала­лар­дың 99,8 пайызы тегін біліммен қамтылған. Бұдан бөлек, ха­лықтың аз қамтылған жігі мен әл­сіз тобындағы – аз қамтылған отбасылардағы балалар, мүм­кін­дігі шектеулі балалар құқы­ғының қорғалуына үлкен көңіл бөлінуде. Елбасының тап­сырмасымен 2020 жылға қарай ондай балалардың 70 пайы­зының барлық оқу орындарына қолжетімділігі болуы тиіс», – деп әрі қарай спикер БҰҰ сарапшыларының балалар құқықтарын қорғау жүйесін құ­рудағы біздің еліміздің жетістіктерін жоғары бағалап отырғанына тоқталды.
Білім және ғылым ми­нистр­лігінің Балалар құқығын қор­ғау комитеті төрағасының орын­­басары Аяш Мәкенова өз сө­­зінде комитет жанынан қо­ғамдық ұйымдардың қаты­­суымен республикалық кеңес­тер құрылғанын, олардың жұмысына азаматтық сектор мен қалың жұртшылықты тартуға мүмкіндік туғанын, жалпы, балалар құқығын қорғау мәселесінен ешкімнің де тыс қалуы орынсыз екенін айтты. Сондай-ақ, ол 2013 жылы өңірлік департаменттер біріктірілгенін, дегенмен, әрбір аймақта білім беру басқармасы жанынан құрылған арнайы бөлімшелер балалардың құқығын қорғау бой­ынша жұмыс істейтінін жет­кізді. Өз елінің болашағы сана­латын балалар құқығына қатыс­ты мәселеде ұсақ-түйек­тің болмайтынын кесіп айт­қан Аяш Мүрсәлімқызы БҰҰ комитетінің ұсынысында бала­лар­дың құқығын қорғау бо­йынша қоғамды кеңінен ақпа­раттандыру қажеттігі атап көрсетілген, ал оның біз­дің еліміздің мүддесімен сәй­кес­тігін еске саламын, сондықтан, сіздер, журналистер, арнайы сенім телефоны барлығын оқырмандарға жеткізулеріңізді сұраймын деп, 74-25-28 нөміріне хабарласуға болатынын жария етті. А.Мәкенова бала құқығына қатысты материалдардың комитет сайтында арнайы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланғанын да айтып өтті.
Мұнан соң брифингке қа­тысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Онда балалар үйіндегі бүлдіршіндерді асырап алу, балалардың шетел асуы және әлеуметтік желілерде балаларына қатысты көмек сұраған жанайқай жайында әңгіме болды. Сұрақ-жауап барысында мәлім болғандай, қазіргі уақытта еліміз бойынша Үкіметтің қарауына беріліп келген балалардың саны азайып отыр және бала асырау­да, ең алдымен, басымдық өз аза­маттарымызға беріліп, ал ше­телдіктер өз ішімізден асырап алушы табылмаған күнде ғана бала ала алатыны жет­кізілді. Шетелдегі бала­лар­дың денсаулығы, әлеуметтік жағдайы Үкімет қадағалауына алынып, оған мониторинг ұдайы жүргізіліп отыруы айты­лып, әлеуметтік желілерде ау­ру балалаларына көмек сұ­рау­­шыларға да мониторинг жүр­гізіліп, қажетті көмек көрсетілетіні сөз болды.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар