15 сәуір Ғашықтар күніне орай қазақ кинематографиясының классик туындысы «Қыз Жібек» араға жарты ғасыр салып үлкен экранға жол тартты.
Картина 17 сәуірге дейін елдегі барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Фильмге кіру құны әдеттегіден екі есе арзан болмақ. Ал жиналған қаражат, су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде аударылады. Қазақфильм киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды бұл – алтын қордағы кинотуындылардың үлкен экранға көрсетілуінің тек бастамасы екенін айтады.
Пікір қалдыру