2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе дерлік көп, яғни 4,8 мың бірлікке өсті. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
Екі ай ішінде импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлікті құрады. Осылайша, елге шетелден жеткізілетін әрбір екінші көлік Қытайда шығарылады.
Үш ірі жеткізуші күш біріктіргеннен кейін де Қытаймен бәсекеге түсе алмады. Олардың үлесі 42% құрады:
* АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік);
* Жапония – 15% (3 мың бірлік);
* Корея – 8% (1,6 мың бірлік).
Бір айта кетерлігі, ақшалай есептегенде Қытайдан автокөлік импортының ұлғаюы сандық көрсеткіштегідей үлкен емес. Қаңтар-ақпан айларында 129,5 млн доллар жұмсалды, бұл 43%-ға, яғни 39 млн. долларға артық. Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетуі мүмкін.
Пікір қалдыру