Атырау қаласында тасқын судың алдын алу үшін қойылған құм толы қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлады деген күдікпен 4 ер, бір әйел адам ұсталды. Ер адамдардың жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйел 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған", – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған. Қазір күдіктілерге қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру