Астана полиция департаменті экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қарайтын судья Айжан Құлбаеваға жасалған қоқан-лоққы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.
"Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді" – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жазбалар анықталған. Тексеру нәтижесінде тергеу органы Судьяға жала жабу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Пікір қалдыру