Қазақстан ыдырап, Ресейге қосылуға мәжбүр болады – Сарапшы

/image/2024/04/24/crop-6_4_351x624_eead638bdbd8d5f0644d59bb4319c198-2-640x360.jpg
Ресейлік экономист Михаил Хазин болашақта Қазақстанның Ресейге бірігуден басқа амалы қалмайды” деген арандатушылық пікір білдірді. Оның сөздерін Stan.kz ақпарат агенттігі келтіреді.

Басылым Хазин Қазақстанды әртүрлі элиталық топтар арасында өте үлкен ішкі шиеленісі бар осал ел деп санайтынын жеткізген. Ол оған дәлел ретінде 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаны мысал еткен.

“Қазақ элитасындағы терең қайшылықтар ешқашан шешілмеген және жойылмаған. Егер елде кез-келген күрт саяси өзгерістер орын алса, бұл әртүрлі топтардың жиналып қалған ашуының сыртқа шығуына, қарсыласуына әкеліп соғады”, - деген ол Қазақстанда бірнеше жекелеген бөліктерге ыдырау қаупі жоғары деп санайды.
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар