СҚО-да су тасыған аумақта балық аулаған 12 адам жауапқа тартылды

/image/2024/04/25/crop-91_198_751x1336_balyk-aulau-shy.jpg

СҚО-да полицейлер су тасқыны аймағында балық аулау ережесін бұзған 12 адамды жауапқа тартты. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Су тасқыны кезінде балық жаңа су қоймаларына шығады. Оңай олжа кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Сондықтан 15 сәуір мен 1 маусым аралығында уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті рейд жүргізген.  Тексеріс әтижесінде бірлескен рейд барысында 12 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар