25 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауынан 12 өлі итбалық табылған. Бұл туралы облыстық балық шаруашылығы басқармасына сүйенген Lada сайты хабарлады.
Оқиға орнына жергілікті атқару органдар мен инспекция өкілдері, гидробиология және экология институтының мамандары барып, итбалықтардың сынама үлгісін алған.
Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған. Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз.
Пікір қалдыру