Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз басталған болатын. Бүгінгі сот отырысында прокурор "қылмысты хабарламау" деп айыпталған Бақытжан Байжановқа тағылған бапты ауыстыруды сұрады.
"Байжановқа тағылған қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмысты хабарламау" бойынша айыпты 432-бабы "Аса ауыр қылмысты жасыру" деп өзгерту қажет. Өйткені ол аса ауыр қылмыс болғанын біле тұра, құзырлы органдардың ресторанға кіруіне кедергі келтіріп, саналы түрде марқұмның өлімін жасыруға тырысты", – деді прокурор.
Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді, ал Бақытжан Байжанов "қылмыстық іс туралы хабарламады" деп айыпталып жатыр.
Пікір қалдыру