Абай облысының тұрғындары Шаған өзенінің жағалауын жинады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тазалау жұмыстары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті.
Ауылдық округ тұрғындары кішіден үлкенге дейін бірігіп, өзен жағасын қоқыстардан тазартты. Шаған өзені ауылдан 2 км қашықтықта орналасқан.
Іс-шараға 100-ден астам ауыл тұрғындары мен қоқысты шығаруға арнайы техника жұмылдырылды.
Бүгінгі іс-шараның ең үлкен қатысушысы ақсақалдар алқасының төрағасы Ыбырай Серікбай болды.
«Біз әрқашан ауылымыздың таза екеніне көз жеткіземіз. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Біз ұрпақтарға үлгі көрсетіп қана қоймай, Отанымыздың дамуына, туған жеріміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз!»- деді ол.
Абай ауданы жерінде 6 өзен және 2 бұлақ бар.
Пікір қалдыру