Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"12 мамырда сүңгуірлер ер адамның мәйітін сыртқы зақымданусыз тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді" – делінген ресми хабарламада.
34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні мәлімдеген.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Пікір қалдыру