Әйелі Карина Мамашты ұрды деген күдікке ілінген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаш қызметінен босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Карина Мамаштың жұбайы 6 мамырда елшіліктен Қазақстанға дереу қайтарылады деген тапсырма берілді. 9 мамырда елге келіп, шекарадан асқаннан кейін қолда бар заңға сәйкес біз оны өз лауазымынан босаттық", — деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сонымен қатар, ол Карина Мамашқа қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру