Норвегия, Испания корольдіктері мен Ирландия Республикасы Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындайтын құжатқа қол қойды. Құжат 28 мамырда заңды күшіне енеді.
"Норвегия үкіметі Палестинаны жеке мемлекет ретінде таниды. Он мыңдаған адам қаза тапқан соғыс жағдайында біз израильдіктерге де, палестиналықтарға да бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруді ғана ұсынамыз", - деді премьер-министр Йонас Гар Стере.
Министрлер кабинеті бұл шешімін "Норвегияның Таяу Шығыстағы қақтығысты шешуге тек екі мемлекет құру арқылы қол жеткізуге болатыны туралы бұрыннан келе жатқан ұстанымын көрсетеді" деп түсіндірді. Олардың пікірінше, израильдіктер де, палестиналықтар да өз мемлекеттерінде бейбіт өмір сүруге құқылы.
Ирландияның Үкімет басшысы Саймон Харрис Палестинаның азаттық үшін күресін қолдаса, Испания премьер-министрі Педро Санчес өз елінің "Екі мемлекет" қағидасын ұстанатынын айтты.
Осы оқиғадан кейін Израиль мемлекеті осы елдердегі елшілерін шақыртқан.
Пікір қалдыру