Қаңтар оқиғасы кезінде қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптады деген айыппен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Берік Әбілов ұсталды.
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы арнайы қабылдау орнында азаматтар азапталғанын анықтап,тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Әбілбеков қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптады деп күдікке ілінген. Полицейлер шетелдіктерді ұстап, ұрып-соғып, Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген көрінеді. Кейін Әбілбеков музыкантты бопсалап, қорқытып, Қаңтар кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысқанын мойындатып видеоға түсірген" - деп мәлімдеді Kozachkov Telegram-арнасы.
Пікір қалдыру