Су тасқыны: Құлсарыда құтқарушы қаза болды

/image/2024/05/30/crop-49_43_505x897_22-4-1024x576.webp Фото: ТЖМ

Құлсарыда су тасқынымен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің 23 жастағы командирі қаза болды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туылған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. 

Айта кетейік, Рақым Бейбарыс Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет еткен.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар