Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бір күн бұрын, 29 мамырда пайда болды. Оның 12 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.
Редакцияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсталу фактісін растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында М.Оспанов атындағы "Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы ұсталды", – деп мәлімет берді.
Толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.
2022 жылдың қыркүйек айында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры болып Әсет Қалиев тағайындалды.
2024 жылдың 28 мамырында Антикор Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа жіберілген іс туралы айтты.
Пікір қалдыру